Спорт • 22 Тамыз, 2021

Месси жаңа клубпен келіссөздер жүргізді

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Пари Сен-Жермен» жаңа ойыншысы, аргентиналық шабуылшы Лионель Месси «Интер Майамимен» келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Месси жаңа клубпен келіссөздер жүргізді

Дерек көзінің хабарлауынша, американдық клубтың иесі Дэвид Бекхэм аргентиналық спортшыны өз командасында көргісі келеді. Жақында Мессидің өзі Майамиде бірнеше үй сатып алғаны жөнінде ақпарат таралған болатын. 

5 тамызда «Барселона» Мессидің кетуін жариялады. Ал 10 тамызда шабуылшы Пари Сен-Жерменнің ойыншысы атанды.

Аргентиналық париждіктермен тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен екі жылдық келісімшарт жасасты. Қазіргі уақытта Месси ПСЖ үшін әлі дебют жасаған жоқ.

Месси - «Барселонаның» түлегі. Ол 2000 жылдан бері Каталан клубы үшін өнер көрсетіп келеді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақ тілін қалай оқытамыз?

Қоғам • Бүгін, 09:05

Тыңғылықты жұмыс

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:00

Қызметі тегін емхана

Алматы • Бүгін, 08:55