Қазақстан • 22 Тамыз, 2021

Белгілі журналист Сұлтан Оразалин қайтыс болды

2420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Журналист, жазушы, теледраматург әрі қоғам қайраткері Сұлтан Оразалин 80 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі журналист Сұлтан Оразалин қайтыс болды

Халықаралық телевизия және радио академиясының академигі, кұрметті ардагер Сұлтан Оразалин 1941 жылы Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында туған.

Ол -  Қазақстандағы көркем телевизияның негізін салушылардың бірі. Қазақ телевизиясының әдебидрамалық программалар бас редакциясын тұңғыш рет ұйымдастырып, 15 жылдан астам басқарған.

Қызмет жолында оның қаламынан жүздеген әдеби телесценарийлер мен телепьесалар туып, көгілдір экранда қойылды.

Олардың ішінде «Сұхбат», «Қымызхана», «Кездесу», «Шұғыла», «Айтыс», «Халық қазынасы» т.б. хабарлар циклы мен «Кек», «Отырар ойраны», «Өлім фабрикасы», «Қашқын»  т.б. телеқойылымдары халыққа кеңінен танылды.

Сұлтан Оразалин ауыз әдебиеті жанрларын, оның ішінде айтыс, терме, жыраулық өнерді қайта жаңғыртып, көгілдір экранда насихатталуына зор үлес қосты.