Әлем • 23 Тамыз, 2021

Ең биікте орналасқан магистраль

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай көлік министрлігінің ха­бар­лауынша, Нагчу қаласы мен Тибет ав­то­номды ауданының астанасы Лхасаны жалғайтын әлемдегі ең биік автокөлік жолы пайдалануға берілді. Өткен сенбіде Нагчу мен Янгбажаин арасындағы 227 шақырымдық соңғы учаске ашылып, автобан толықтай іске қосылды.

Ең биікте орналасқан магистраль

Орташа биіктігі 4500 метрден асатын, 295 шақырымға созылатын Нагчу-Лхаса автокөлік жолы – Пекин мен Лхасаны байланыстыратын экспресс жол бөлігі. Сондай-ақ Лхаса мен Тибеттің солтүстігін байланыстыратын бірінші магистраль.

Осылайша, Лхаса мен Нагчу қаласы арасындағы жолды жүріп өту уақыты алты сағаттан үш сағатқа дейін қысқарды. Министрлік өкілдерінің айтуынша, Тибетті Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясымен байланыстыратын жолдың мүмкіндіктері мол. Сонымен қатар қауіпсіздік деңгейі де жоғары.

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30