Коронавирус • 23 Тамыз, 2021

Мониторингтік топтардың жұмысы мардымсыз

171 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау депар­таментінің бастығы Әсет Жұматаевтың баяндамасында мониторинг жасайтын топтардың жұмысы мардымсыз екені айтылды. Соңғы екі аптада олар барлығы 142 рейд жасап, 30 бұзушылықты ғана анықтағаны жеткізілген еді. Сондай-ақ Айыртау, Ақжар, Аққайың, Есіл, Жамбыл, М.Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Уәлиханов және Шал ақын аудандарында бірде-бір бұзушылықтың анықталмағаны атап өтілген.

Мониторингтік топтардың жұмысы мардымсыз

Жарқыраған жазда 10 аудан­да екі аптада бірде-бір той­дың өтпеуі мүмкін емес екені бел­гілі. Тек мони­то­рингтік топтар оларды көрмеген немесе «көр­меген болған». Әрине, қ­алып­та­сып қалған дәстүрді қор­қыту­мен, айыппұл салумен бір мез­гілде тоқтату қиын. Адамдар той­ға асығады, оны жасағанша, қызық көргенше жан таппайды. Бірақ қазіргі ахуал қысып, ін­дет күннен-күнге ұлғайып жат­қанда сабыр сақтап, өзінің де, өзге­нің де денсаулығы үшін тойды кейін­ге қалдыруға болады ғой. Осы­ны түсінбеген адамдарды аяуға да болмайды.

Осындай адамдарға айып­пұл салу үшін ғана емес, денсаулықтарын сақтау үшін құрылған Қызылжар өңіріндегі мониторингтік топтардың саны – 24. Олардың қатарына әкім­діктің, полицияның, волон­терлердің қатарынан 160 адам енген. Тексерулер әр аптаның аяғына қарай жиіленеді.

Өздерінің атына айтылған сыннан соң мониторингтік топтар жұмыстарын белсендірек жүргізуге айналды. Соңғы 7 күнде олар 28 бұзушылықты анық­­тады. Әсіресе, Петропавл қа­ла­сы­ның сауықжайлары, дәм­­хана­лары, жалға берілетін кот­тедж­дері жіті тексерілді. Со­ны­мен бірге сани­тарлық нор­матив­тердің сақ­талуын бақы­лау барлық сауда орындарында да ұйымдастырылған.

Өткен аптадағы бір «олжа» қала­ның «Береке» шағын ауданында болды. Осындағы жеке­­меншік үйлердің арасын­дағы бір дәмханада туған күн той­ла­нып жатқанының үстінен түс­кен мо­ни­торингтік топ жиын­ды ұйым­дас­тырушылар мен қонақ­тар­дың үстінен хаттама толтырды. Ол шара қолданылуы үшін тиісті органға жіберілді. Мұнда үй иесі мен қонақтардың бәрі де мониторингтік топ­тың жұмысына кедергі жаса­май, олардың талабын орында­ған. Демек бәрі де сақтандыру шара­ларының болғанын қалай­ды, бірақ біле тұра өздері оны бұзған.

Жалпы, облыс бойынша жыл басынан бері 1 059 карантин талаптарын бұзған жағдай анық­талған. Оның ішінде 941-і Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілген. Ал қалған 118 материал бойын­ша то­лықтыру жұмыстары жүр­гізілуде. Санитарлық-эпиде­миоло­гиялық бақылау депар­таменті­нің өз қызметкерлері 627 әкім­шілік хаттама тол­тырған. За­мана талабымен амал­сыз ұйым­дас­тырылған мони­торингтік топтың жұмысы одан әрі жалғасуда.

 

Солтүстік Қазақстан облысы