Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен 22 тамызда жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шара барысында Жолан батыр көшесі бойында орналасқан «GAME PLAY» ойынханасы сағат 23:43-те карантиндік талаптарды сақтамай келушідерді қабылдап жатқаны анықталды.
Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.