Жарылыс болған Платформа Мексиканың Сьюдад-дель-Кармен қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан.
«Pemex мәліметінше, сағат 16:30 шамасында Кампече аймағында орналасқан Ku-Maloob-Zaap өндірістік кешенінің E-Ku-A2 платформасында шыққан өрт оқшауланды», делінген компанияның Twitter-парақшасында.
Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға газ бен мұнайды басқа мұнай нысандарына тарату орталығында болған.
Бұл Pemex компаниясының ең ірі шикі мұнай өндірушісі. Мұнда күнделікті өндірілетін 40 миллион баррелдің 1,7 пайызынан астамы өндіріледі.
Шілденің басында осы мұнай өндіру кешеніндегі Ku-Charly платформасында су астындағы газ құбырының бұзылуына байланысты өрт болды. Алдын ала ақпарат бойынша, өрттің себебі теңіз платформалары арасындағы құбырдағы реттеуші клапаннан 78 метр тереңдікте көмірсутек шыққан. Өрт дер кезінде сөндіріліп, ешкім зардап шеккен жоқ.