Үкімет • 23 Тамыз, 2021

Азамат Батырқожа вице-министр лауазымынан босатылды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батырқожа Азамат Байқуанышұлы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азамат Батырқожа вице-министр лауазымынан босатылды

Бұл туралы ҚР Премьер-Пинистрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Азамат Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ф.Е. Дзержинский атындағы стратегиялық зымыран күштері әскери академиясын, «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы жеке компанияда күзет бөлімінде арнайы техник болып бастады.

1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

Осы жылдар ішінде ол жекеменшік компанияларда және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді, Көлік және коммуникация министрліктерінде әртүрлі қызметтерді атқарды.

2019 жылдың желтоқсанынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш вице -министрі болды.