Оқиға • 23 Тамыз, 2021

Семейде жеке тұрғын үйдегі өрттен бір адам көз жұмды

1125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде жер үй өртеніп, әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде жеке тұрғын үйдегі өрттен бір адам көз жұмды

Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың 22 тамызында сағат 01:31-де Шығыс саяжай массивінде жер үй өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп түсті.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде үйдің ағаш қабырғалары, едені және төбе жабындылары, есік және терезе блоктары, жиһаздары мен жеке заттары өртенген. Өрттің жалпы алаңы 20 шаршы метр. Өкінішке орай, адам өлімі орын алды. Барлау барысында зал бөлмеде өртеніп кеткен әйел адамның мәйіті табылды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 7 адам, соның ішінде 2 бала үйден өздері шығып үлгерген», деді баспасөз қызметі.

Өрт шығуының алдын ала болжамы бойынша, электр қондырғыларын дұрыс орнатылмауы, темекі шегу кезінде отты ұқыпсыз пайдалану себеп болуы мүмкін.