Әлем • 23 Тамыз, 2021

Түркия Ауғанстандағы жағдайға байланысты шекарадағы бақылауды күшейтті

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия шекарадағы бақылауды күшейтіп жатыр. Бұл - елге ауған босқындарының жаппай келуін болдырмас үшін қолданылған шара, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркия Ауғанстандағы жағдайға байланысты шекарадағы бақылауды күшейтті

Иранмен шекараның ең ұзын бөлігі орналасқан Түркияның шығысындағы Ван провинциясында қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Түркия-Иран шекарасы учаскесінде 6 шақырым модульдік бетон қабырға тұрғызылған. Билік жыл соңына дейін шекара қабырғасына тағы 64 шақырым қосуды жоспарлап отыр.

«Біз бүкіл әлемге шекарамыздан өтуге болмайтынын көрсеткіміз келеді. Ауғанстаннан қоныс аударушылар толқыны болмайды деген үміттеміз», деді шығыс шекарадағы Ван Мехмет провинциясының губернаторы Эмин Білмез.

Түрік-Иран шекарасындағы қауіпсіздікті ондаған брондалған техника, дрондар, бейнекамералар, барлау және ұшқышсыз ұшу аппараттары қамтамасыз ететіні айтылды.

Патрульдік көліктер Иран жағындағы қозғалысты тәулік бойы бақылайды, ол жерден босқындар, контрабандистер мен күрд жауынгерлері Түркияға жиі өтуге тырысады. Түркия таулы шекарадығы жағдайды да әуеден бақылап отыр.

Бұл уақытта Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Еуропа елдерін босқындардың жаңа легіне жауапкершілікті алуға шақырды. Ол Түркия «босқындарыдың еуропалық қоймасына»айналғысы келмейтінін ескертті.

Билік есептеуі бойынша, Түркияда 182 мың тіркелген және 120 мыңға жуық құжатсыз ауған мигранты бар.