Ақтөбе облысында мектеп оқушысына қасқырдың шабуыл жасау оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Ras.kz хабарлады.
Бұл оқиға 14 қаңтар күні Әйтеке би ауданындағы Ақтасты ауылдық округіне қарасты Толыбай ауылында орын алды. Таңертең оқушы Асқар Әбдібек мектепке бара жатқанында қасқыр тап берген. Түз тағысы мойнын жарақаттапты.
Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәліметіне жүгінсек, жасөспірім бойынан құтыру белгісін анықтау мақсатында санавиация ұшағымен оны аудан орталығына жеткізген екен. Алайда, жолды үріп жиналған қардың басып қалуынан әлгі баланы бірден ауруханаға жеткізу мүмкін болмапты. Сол себепті құтыруға қарсы егу сол жерде жасалған. Қазір ол ауруханада жатыр.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: Ras.kz.
Фото: Ras.kz.