Аймақтар • 23 Тамыз, 2021

Ауласына есірткі еккен Түркістандық ұсталды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері үйінің ауласына есірткі еккен тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Созақ ауданы Полиция басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ауласына есірткі еккен Түркістандық ұсталды

Созақ АПБ-ға КПБ-ның жедел уәкілі Қанат Нәжіметдиннен баянат түскен. Тәртіп сақшылары аталған жайтты СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізді. Хабар алысымен полицейлер бірден жедел-іздестіру шарасына кірісті. Осылайша, ақпарат көздері арқылы күдікті тұрғынның жеке-басы мен мекенжайы анықталды.

Полиция қызметкерлері күдіктінің үйінің ауласын тексеру барысында егіліп, бапталған алты түп есірткі заты анықталды. Айғақты зат ретінде алынған өсімдікке сот-сараптамалық зерттеу тағайындалды. Сараптама нәтижесімен алынған түп «сора» есірткі екені белгілі болды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.