Елорда • 23 Тамыз, 2021

Нұр-Сұлтанда дүкенді тонап кеткен ұры ұсталды

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Криминалдық полиция қызметкерлері елордалық дүкендердің бірін тонаған 30 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда дүкенді тонап кеткен ұры ұсталды

Тергеу барысында ер адам түнгі уақытта Достық көшесіндегі дүкеннің ашық терезесіне кіріп, 250 мың теңгеден астам ақша ұрлап кеткені анықталды. Ұсталған азамат осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын сотталған болып шықты.

Аталған факті бойынша «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның Нұр-Сұлтан қаласы аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізілуде.