Экономика • 23 Тамыз, 2021

Қазақстан қандай өнімдерді көп экспорттайды?

1055 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сыртқы нарықта үлкен сұранысқа ие жеңіл өнеркәсіп өнімдерін атады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан қандай өнімдерді көп экспорттайды?

2021 жылғы қаңтар-мамырда жеңіл өнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі 28,4 млн АҚШ долларын құрады. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 8,5%-ға жоғары.

Ең көп экспортталатын тауарлар:

- мақта-матадан жасалған төсек-орындары (4,1 млн. АҚШ доллары немесе 14,3%);

- жолақтардан, полиэтиленнен немесе полипропиленнен жасалған өзге де қаптар мен буып-түю пакеттері (3,4 млн АҚШ доллары немесе 12%);

- құрамында 85% және одан көп мақта бар мақта-мата иірім жібі  (2,8 млн АҚШ доллары немесе 10%);

- құрамында 85% немесе одан көп мақта бар мақта-мата (2,7 млн АҚШ доллары немесе 9,5%);

- ылғал күйдегі ірі қара мал терісінен жасалған иленген былғары немесе былғары краст (2,4 млн АҚШ доллары немесе 8,5%).