Жергілікті полицияның хабарлауынша, 17 тамызда Бұқар жырау аудандық полиция басқармасына 52 жастағы ер адам жүгінген. Шағымында өзінің атынан 170 мың теңге көлемінде несие рәсімдеген адамды ұстауды өтінген. Айтуынша, 22 жастағы ауылдасы ақша сұрап келгенде шағымданушы оған телефоннан онлайн-кредит рәсімдеуді үйретпек болып, өзінің жеке мәліметтерін енгізген. Кейін оны өшіруді ұмытып кеткен.
Шағымданушы сол жігіттен күдіктенетінін айтқан.
Полицейлер күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Осы қылмыс үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 1 000 АЕК (2 917 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу (айыру) жазасы қолданылуы да мүмкін.