Әлем • 23 Тамыз, 2021

Коронавирус: Әлемдегі эпидахуал қандай?

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швеция коронавирусқа қарсы үшінші екпе салуды бастауы мүмкін. Бұл туралы  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Коронавирус: Әлемдегі эпидахуал қандай?

Фото: REUTERS/John Sibley

Еуропа пандемиямен күресте Солтүстік Кореяға қолдау көрсетеді. Германия коронавирустың таралуына қарсы тұруға көмектесу үшін мамандар жібереді. Пандемия жарияланғаннан бері Пхеньян шекараны жауып, азаматтардың еркін қозғалысын шектеді.

КХДР - жабық ел. Тамыз айының басындағы мәліметтерге сәйкес, 35 мыңнан астам адам коронавирусқа тест тапсырды, бірақ инфекция туралы хабарланған жоқ. Соған қарамастан, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі комитеті Германияның Солтүстік Кореяға гуманитарлық көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыру туралы өтінімін мақұлдады.

Швеция коронавирусқа қарсы үшінші екпе салуды бастауы мүмкін. Стокгольм әкімшілігі ел Үкіметінен қарттар үйіндегі және COVID-19 қауіп-қатер тобындағы азаматтарды қалай және қашан қайта вакцинациялауды бастайтыны туралы ақпарат беруді талап етті. Бұл Швецияда коронавирустық инфекцияның көбеюіне байланысты.