22 Қаңтар, 2014

Алматы облысының бас тексерушісіне айып тағылды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 01- AlmatyҚаржы полициясы қызметкерлері Алматы облысы ревизиялық комиссиясының бас бақылаушы-тексерушісін пара алды деген күдікпен ұстады. Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады.

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінсек, облыстың бас контролер-ревизоры Іле ауданында орналасқан 5 мектептің тексеру қорытындысына жағымды акт жасау үшін 1,8 млн.теңге пара алды деп айыпталған. Қазір бұл азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау қызметкерлері осыған қатысты толық мәліметті тергеу мүддесіне сай жариялаған жоқ. Сондықтан алдағы уақытта бұл жөніндегі мәселеге қайта оралатын боламыз. Белгілісі, айыпкер ешқайда кетпеу қолхатымен тергеушіге жауап беруде.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: Gazeta.kz.

Фото: Inform.kz.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35