Stop Fake бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарғанын мәлімдеді.
«Мұндай хабарламаларды киберқылмыскерлер жеке шот пен банк шоттарына кіру үшін пайдаланатынын ескертеміз. Күмәнді сілтемелерді ашпаңыз және алаяқтықтың құрбаны болмау үшін жеке мәліметтеріңізді желіде қалдырмаңыз», деп түсіндірді департамент.
Еңбек министрлігі азаматтардан жалған ақпаратқа алданбауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуды сұрайды.