Әлем • 24 Тамыз, 2021

Коронавирустан қорғайтын антидене табылды

760 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америка ғалымдары коронавирустың барлық белгілі мутациясын бейтараптандыратын антидене тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирустан қорғайтын антидене табылды

Фото: Alex Kraus / Bloomberg

Вашингтон университетінің медицина мектебінің ғалымдары 43 антиденені зерттеп, коронавирустың барлық белгілі мутациясын бейтараптай алатынын анықтады. Сарапшылар алған нәтижелер университет сайтында жарияланады.

SARS2-38 «альфа», «бета», «гамма», «дельта», «каппа», «йота» және басқа да сирек кездесетін мутация деп аталатын коронавирустың штамдарымен күресе алатыны белгілі болды. Бұл әр түрлі штамдарда өзгеріссіз қалатын вирустық ақуызға SARS2-38 қосылуымен түсіндіріледі.

«Бұл антидене бір мезгілде жоғары бейтараптандырушы әсерге (ол төмен концентрацияда өте жақсы жұмыс істейді) және кең бейтараптандырушы әсерге ие (яғни ол барлық нұсқаларға қарсы жұмыс істейді)», дейді аға зерттеу авторы, MD Майкл Даймонд.

Зерттеушілер коронавирустың көптеген штамы бастапқы нұсқадан жасалған препараттарға төзімді екенін ескертті. Сондықтан ағза иммунитетін қолдау үшін тиімді бейтараптандыратын антиденелер қажет.