22 Қаңтар, 2014

Олимпиада: Қысқы ойындарға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

371 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Olimpiada Sochi

Биылғы Сочи Олимпиадасына Қазақстан құрамасынан 58 спортшы қатысып, жарыстың 11 түрінен күш сынасады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Сочи Олимпиадасында біздің спортшылар  шаңғы жарысы, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, фристайл, биатлон, шана спорты, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы, сноуборд және тұғырдан шаңғымен секіруден өтетін жарыстарға қатысады. Соның ішінде шаңғы жарысынан 14 спортшы сынға түседі. Ерлер жарысына Ердос Ахмадиев, Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Марк Старостин, Евгений Величко, Сергей Черепанов, Александр Малышев және Денис Волотка қатысса, әйелдер арасында өтетін бәйгеде  Марина Матросова, Елена Коломина, Анна Шевченко, Татьяна Осипова, Виктория Ланчакова мен Анна Стоян бақ сынасады. Сонымен бірге

конькимен жүгіру жарысына Денис Кузин, Дмитрий Бабенко, Роман Креч, Александр Жигин, Федор Мезенцев қатысса, әйелдер арасында өтетін сында Екатерина Айдова ғана ел намысын қорғайды.

Мәнерлеп сырғанау бәсекесіне Абзал Рақымғалиев пен Денис Тен қатысады. Сочи Олимпиадасына шорт-тректен өтетін сынға Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғалиев, Артур Сұлтанғалиев, Денис Никишин, әйелдерден Инна Симонова бара жатыр. Осы жарысқа фристайл бойынша 6 спортшымыз лицензияны жеңіп алды. Ерлерден могул бойынша Дмитрий Рейхерд, акробатика Сергей Берестовский, ал әйелдер арасынан могулдан өтетін додаға Юлия Галышева мен Дарья Рыбалова, акробатика бойынша Жібек Арапбаева мен Жанбота Алдабергенова күш сынасады. Соңғы екеуі осы аптада ғана жолдамаға ие болды.

Олимпиадада біздің ел биатлон жарысында 10 спортшымызға үміт артады. Ерлер бәсекесінде Диас Кенешевке, Ян Савицкий, Сергей Наумик, Антон Пантов, Александр Трифоновқа,. әйелдер бәсекесінде Елена Хрусталева, Марина Лебедева, Дарья Усанова, Алина Райкова және Галина Вишневскаяға үміт артатын боламыз. Шана спорты бәйгесіне 6 отандасымыз қатысады. Онда Артур Байбачинов, Сергей Коржнев, Юрий Веселов, Иван Макивчук, ал әйелдер арасынан Елизавета Аксенова, Татьяна Невзорова жарыс жолына шығады.

Тау шаңғысынан Игорь Закурдаев, Дмитрий Кошкин және Мартин Хубер сынға түседі. Сонымен қатар, Екатерина Черепанова бақ сынасса,шаңғы қоссайысынан Сергей Шарабаев, сноубордтан Валерия Цой қатысады.Сондай-ақ, сочиге тұғырдан шаңғымен секіруден Марат Жапаров пен Алексей Пчелинцев ел үмітін арқалап барады.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: http://kazsporttv.kz

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35