Әлем • 24 Тамыз, 2021

Кабулда Украина ұшағын ұрлап кетті

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кабулдағы украин және басқа ел азаматтарын эвакуациялау кезінде белгісіз біреулер Украина ұшағын басып алып, Иранға ұшып кетті. Бұл туралы Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кабулда Украина ұшағын ұрлап кетті

Бұл туралы «Громадське радіо» басылымы мәлімдеді.

Сыртқы істер министрінің орынбасары өткен аптада Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба басқаратын барлық дипломатиялық қызмет апаттық сынақ режимінде жұмыс істегенін айтты.

«Өткен жексенбіде біздің ұшақты басқа адамдар басып алды. Сейсенбі күні ұшақ ұрланды - ол Украина азаматтарын шығарудың орнына, бортына белгісіз жолаушыларды отырғызып Иранға ұшып кетті», деді Енин.

Оның айтуынша, украиндарды эвакуациялау бойынша үш әрекет те сәтсіз болған. Себебі адамдар әуежайға жете алмаған.

Дүйсенбі күні кешке Ауғанстаннан көшірілген жолаушылары бар үшінші ұшақ «Борисполь» әуежайына қонды, бортта 98 адам болған, оның ішінде 41-і Украина азаматы. Әзірге Ауғанстанда 50-ге жуық Украина азаматы бар екені айтылды.