Бұл туралы ТАСС-қа арнайы қызметтің өкілі хабарлады.
«Әбілғазиевке қатысты сот оны үйқамаққа жіберу туралы шешім шығарды», деді агенттіктің дерек көзі.
Оның айтуынша, бұрынғы үкімет басшысы шамамен 50 миллион сомды (шамамен 590 мың доллар) төлеу арқылы мемлекетке келтірілген залалды ішінара өтеген.
Айта кетелік, Әбілғазиев 2018-2020 жылдар аралығында Министрлер кабинетін басқарды.
2021 жылдың қаңтарында ол Centerra Gold шетелдік инвесторлары игеретін «Құмтөр» алтын кенішіндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеу аясында ұсталды.