Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық министрлігі бірлесе отырып заңнамаға тиісті түзетулер әзірлеп жатқаны хабарланды. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде оларды ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізу жоспарланып отыр.
«Декреттік жәрдемақыларды төлеу мәселесі ағымдағы жылдың соңына дейін шешімін табады деп күтілуде. Бұл мәселе Ақпарат және қоғамдық даму министрінің жеке бақылауында», деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.