Аймақтар • 24 Тамыз, 2021

Шымкент кітапханасының аудиокітаптар қоры ұлғайды

599 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында ерекше қажеттіліктері бар жандардың кітапқа қолжетімділігін арттыруға арналған ауқымды жоба қолға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент кітапханасының аудиокітаптар қоры ұлғайды

Бүгінгі күнге дейін «Сөйлейтін кітаптар шығару» бөлімінде кітаптардың жалғыз қызметкер тарапынан дыбысталынуына байланысты аудиокітап қорының толығуы баяу жүргізілетін. Енді, кітапхананың аудиокітаптар қоры театр әртістері және басқа мәдениет саласы қызметкерлері дыбыстаған кітаптармен толығуда.

Бұл жобаға қатысушылар қатарында Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы, Шымкент қалалық орыс драма театрының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Вербицкий, Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, режиссер Бекболат Құрманғожаев, Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының актері, ҚР мәдениет қайраткері Еркін Шымырқұлов, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова және т.б. қызметкерлер бар.

1

2

Қазіргі таңда, арнайы кітапхананың кітап қоры 140376 дананы құрайды. Негізгі кітап қоры бедерлі-нүктелі әріпті, жазық баспалы, дискіде, нашар көретіндерге арналған мәтіні үлкейтілген әріптер жазылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар, кіші қалыптағы мүсіндер, бедерлі-графиялық құралдарды құрайды. 2003 жылдан бері дыбысталып келе жатқан аудиокітаптар саны 5000-нан асады.

3