Меркі ауданы, Меркі ауылы, Низами көшесі 41 «А», жеке тұрғын үйдің ауласында шөпаран отқа оранды. Ондағы 1700 түк шөп өртеніп, жалын 70 шаршы метр аумақты шарпыған. «Ағымдағы жылдың 24 тамызында таңғы сағат 4.07-де Меркі ауданы, Меркі ауылының 9 өрт сөндіру бөлімінің «101» нөміріне ауылдың Низами көшесіндегі тұрғын үйдің аумағында шөп өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына бөлімнің күштері мен құралдары жедел жөнелтілді. Тілсіз жау шұғыл әрекеттердің нәтижесінде сағат 4.30-да оқшауланып, сағат 5.10-да толық сөндірілді», делінген ТЖД хабарламасында.
Өртті сөндіруге 7 қызметкер, 2 техника жұмылдырылған. Жалпы, 37 тонна шөп өртеніп кеткен.