Әлем • 25 Тамыз, 2021

Дүниежүзілік банк Ауғанстандағы жобаларды қаржыландыруды тоқтатты

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік банк «Талибан» қозғалысы елді бақылауға алғаннан кейін Ауғанстандағы жобаларды қаржыландыруды тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.

Дүниежүзілік банк Ауғанстандағы жобаларды қаржыландыруды тоқтатты

Фото: Reuters

Банк тәліптердің билікті басып алуы елдің даму перспективаларына, әсіресе әйелдерге қалай әсер ететініне алаңдаушылық білдірді.

Бұл шара Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Ауғанстанға төлемдерді тоқтатуынан кейін бірнеше күн өткен соң жасалды.

Сонымен қатар, Байден әкімшілігі Ауғанстанның орталық банкінің АҚШ-тағы активтерін тоқтатты.

«Біз Ауғанстандағы операцияларымыздың бір бөлігі ретінде төлемдерді тоқтата тұрдық және ішкі саясат пен процедураларға сәйкес жағдайды мұқият бақылап, бағалап отырмыз. Халықаралық қауымдастықпен және даму бойынша серіктестермен кеңесудеміз. Ауғанстан халқына қолдау көрсетуді жалғастырамыз», деді BBC-ге Дүниежүзілік банк өкілі.

2002 жылдан бері Вашингтонда орналасқан қаржы институты Ауғанстандағы қайта құру мен даму жобаларына 5,3 миллиард доллардан астам (3,9 миллиард фунт стерлинг) қаражат бөлді.

Жұма күні Дүниежүзілік банк Кабулдағы қызметкерлері мен олардың жақын туыстарын Пәкістанға көшіргенін мәлімдеді.

Дүниежүзілік банктің Ауғанстанға төлемдерді тоқтату туралы шешімі елдің жаңа үкіметіне қаржылық соққы болды. Өткен аптада ХВҚ Ауғанстан енді әлемдік несие беруші ресурстарына қол жеткізе алмайтынын мәлімдеді. Ұйым өкілі мұның себебі «халықаралық қоғамдастықтың Ауғанстандағы үкіметті мойындау-мойындамауына» байланысты екенін айтты.

Сондай-ақ, Талибан Кабулды бақылауға алғаннан кейін Ақ үй Ауғанстан орталық банкінің АҚШ-тағы ешқандай активі Талибанға берілмейтінін мәлімдеді.