Әлем • 25 Тамыз, 2021

АҚШ әскері Ауғанстаннан қыркүйекке дейін эвакуацияланады

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Джо Байденнің айтуынша, АҚШ эвакуация процесін жылдамдату үшін Ауғанстаннан ұшатын рейстердің санын көбейтпек, деп хабарлайды Egemen.kz

АҚШ әскері Ауғанстаннан қыркүйекке дейін эвакуацияланады

G7 елдері басшыларының виртуалды саммитінен кейін АҚШ Президенті 12 сағат ішінде Ауғанстаннан 6000-нан астам адам көшірілгенін айтты. Жалпы, коалициялық күштер Кабулдан тағы 12 мыңға жуық адамды эвакуациялауды жоспарлап отыр.

«Біз операцияны 31 тамызда аяқтауға дайынбыз және бұл неғұрлым тезірек болса, соғұрлым жақсы», деді АҚШ президенті. 

Байден Пентагон мен Мемлекеттік департаментке эвакуация кезінде туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың жоспарын алдын ала зерделеуді тапсырды. Өйткені, лаңкестердің шабуылдауы мүмкін.