Аймақтар • 25 Тамыз, 2021

Зейнеткерлер мен мүгедектерді алты миллион теңгеге алдаған

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында зейнеткерлер мен мүгедек жандарды алдаған алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Зейнеткерлер мен мүгедектерді алты миллион теңгеге алдаған

Облыстық полиция ұсынған мәліметке сәйкес, облыс тұрғындарын 6 миллион теңгеге алдап кеткен алаяққа қатысты 10 қылмыстық іс қозғалған.

Зардап шеккендер қатарында Есік қаласы мен Бәйдібек, Көксай, Саймасай және Бәйтерек ауылдарында тұратын зейнеткерлер, жалғызбасты аналар, 33 жастан 73 жасқа дейінгі мүгедектер бар.

«Алаяқтың айтуынша, ол өз құрбандарын құжаттарды рәсімдеу үшін келген ХҚКО-да тапқан. Өзін сауатты маман ретінде таныстырып, оларға зейнетақы немесе балаларға арналған жәрдемақыларды рәсімдеуді ұсынған. Екі жыл ішінде қаскүнем қарапайым азаматтардан 170 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін ақша алып, оны өз қажеттіліктеріне жұмсаған», деп хабарлады тергеуші Асқар Қызайбаев.