23 Қаңтар, 2014

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі дәнекер елдер «алтылығы» мен Иран арасындағы Бірлескен іс-қимыл жоспарының жүзеге асырылуының басталуына қатысты мәлімдеме жариялады, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстан 2013 жылғы 24 қараша күні Женевада дәнекер елдер «алтылығымен» және Иранмен қабылданған Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Бірлескен іс-қимыл жоспарының жүзеге асырылуының басталуын қолдайды, делінген мәлімдемеде.

Одан әрі Қазақстанның таратпау режіміне қатаң ұстанған және ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан мемлекет ретінде Иран мен халықаралық келіссөздер жүргізуші «алтылықты» Бірлескен іс-қимыл жоспарының шеңберіндегі міндеттемелерді уақтылы және тиімді іске асыру мақсатында тиісті қадамдар жасауға шақыратыны, бұл өз кезегінде Иран ядролық бағдарламасы бойынша жан-жақты әрі ұзақ мерзімді келісімге қол жеткізу нәтижесіне жетелейтіні атап көрсетіледі.

Қазақстан қол жеткізілген келісімдерді іске асыру бастамасы сенім деңгейінің ұлғаюына, тараптардың алдағы уақыттағы өзара ынтымақтастығының реттелуіне жол ашып, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға өз үлесін қосатын болады, делінген мәлімдеменің қорытындысында.

Соңғы жаңалықтар