Бокс • 25 Тамыз, 2021

Сегіз боксшымыз Азия чемпионатының финалына шықты

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрама командасының сегіз спортшысы Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сегіз боксшымыз Азия чемпионатының финалына шықты

Дубайда (БАӘ) жастар мен жасөспірімдер арасында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтық біріншілікке 2005-2006 жылы туған жасөспірім спортшылар қатысады.

52 келіге дейін: Төрехан Сабырхан - Бузургмехр Иксанов (Тәжікстан) - 3:2.

54 келіге дейін: Адай Ниязбай - Чиринг (Непал) - үшінші раунд DSQ.

57 келіге дейін: Бахтияр Анарбаев - Шахбоз Дадажонов (Тәжікстан) - 5:0.

52 келіге дейін: Томирис Мырзақұл - Лазиза Юсупова (Өзбекстан) - 5:0.

60 келіге дейін: Асем Таңатар - Мариам Мохаммед (Ирак) - 5:0

Құрлықтық доданың финалына Ақжан Түркістанова (75 келіге дейін) және Шұғыла Рысбек (81 келіден жоғары) мерзімінен бұрын жолдама алды.

48 келіге дейін Айдар Қадырхан, 50 келіге дейін Илья Калинин, 75 келіге дейін Даулет Тулемисов, 46 келіге дейін Елянура Турганова, 48 келіге дейін Анита Абишева қола жүлдегер атанды.

«26-27 тамыз күндері жасөспірімдер арасындағы кезекті жартылай финал жекпе-жектері өтеді.
Ал бүгін Дубайдағы жарыста жастар арасындағы финалдық бәсекеге қатысатын спортшылардың есімі белгілі болады. Тікелей эфир елорда уақытымен 18:00-де болады», деп жазады ҰОК баспасөз қызметі.