Оқиға • 25 Тамыз, 2021

Қазақстан Елшісі Сербия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белградта, Сербия сарайында Қазақстан Елшісі Мәди Атамқұлов Сербияның Президенті Александр Вучичке сенім грамоталарын салтанатты түрде тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Елшісі Сербия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Екі жақты кездесу барысында Сербия Президенті қазақстандық дипломатты қызметке тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтті.

Президент Александр Вучич Белград пен Нұр-Сұлтан арасындағы дәстүрлі достық байланыстарды одан әрі нығайтуға ниет білдірді. Мәди Атамқұлов өз кезегінде Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып өтті.

Қос тарап саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың жоғары әлеуетін іске асыру қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді. Бұл ретте ағымдағы жылы жоспарланған іс-шаралар екі маңызды оқиға – Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25-жылдығы және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығы аясында өтеді.

Кездесуді қорытындылай келе, Александр Вучич Елшіге табысты және жемісті жұмыс тілеп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ізгі тілектерін жолдады.