Шығыс бағытта келе жатқан Toyota Camry теміржол өткелінің үстіне шыққан. Сол кезде оның бір бүйірінен тепловоз келіп соғады.
Toyota Camry ұшып барып, жол жиегіндегі кедергіге соғылды.
Осыдан кейін көлік жолдан шығып, теміржол рельсінде қалып кетті.
Апат салдарынан көліктегі жолаушы зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды.
Toyota жүргізушісі теміржолға жақындағанда шлагбаумның ашық тұрғанын, ескерту беретін автоматика құрылғысы ешқандай дыбыс бермегенін айтады.
Жол полициясы қызметкерлері апаттың себептерін анықтауда. Тергеу жүргізіледі.