Әлем • 26 Тамыз, 2021

Кабул әуежайында теракт болуы мүмкін

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірнеше ел Кабул әуежайында лаңкестік шабуыл қаупі жоғары екенін айтып, өз азаматтарына ол жаққа бармауды ескертті, деп жазады Egemen.kz.

Кабул әуежайында теракт болуы мүмкін

Фото: Reuters

Австралия, АҚШ және Ұлыбритания Кабул әуежайында жүрген  азаматтарына ескерту жасап, тез арада ол жерден кетуге кеңес берді.

Талибандар басып алғалы бері Кабулдан 82 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Елдер 31 тамызға дейін қалған заматтарын көшіріп алуға тырысып жатыр. Мыңдаған адам әлі де елден ұшып кетуге үміттеніп, әуежай маңында күтіп отыр.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің айтуынша, тәліптер эвакуация мерзімнің ұзартылуына қарсы болды, бірақ сонымен бірге шетелдіктер мен ауғандықтардың 31 тамыздан кейін де елден кетуіне рұқсат етуге уәде берген.

Австралия Сыртқы істер министрі Мэрис Пейн бейсенбіде «террористік шабуылдың тұрақты және өте жоғары қаупі бар» екенін ескертті. 

Бұның алдында АҚШ Мемлекеттік департаменті де сарай қақпасында, шығыс немесе солтүстік қақпаларында күтіп тұрған адамдарды тез арада тарауға шақырған еді.

Ұлыбритания да азаматтарын қауіпсіз жерге көшуге және эвакуация туралы кеңестерді күтуге үндеді. Сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жағдай тұрақсыз екенін, лаңкестік шабуылдың қаупі күшті екенін айтты.

Елдердің ешқайсысы төніп тұрған қауіп туралы қосымша ақпарат бермеді.