
Құрметті Консул лауазымына «WILO SE» компаниясының Басқарма Төрағасы және президенті, герман экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы Оливер Гермес тағайындалды.
Жаңа Құрметті консулға консулдық патентті ҚР ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов ресми түрде табыс етті. Дортмунд қаласында өткен салтанатта сөз сөйлеген Елші Д.Кәріпов О.Герместің жеке және кәсіби қасиеттері мен беделін ерекше атап өтті.
Жаңа қазақстандық Құрметті консул «Wilo Group» компаниясының Басқарма Төрағасы болып табылады, ол Алматы облысында қуаты жылына 2 000 бірлік сорғы шығаратын зауыттың құрылысына инвестиция салған. Қазақстан нарығында кеңінен таралған «Wilo» сорғылары коммерциялық және әкімшілік ғимараттарда: министрліктерде, «Бәйтерек» монументінде, Алматы қаласындағы «Нұрлы-Тау» бизнес орталығында орнатылды.
Сондай-ақ, О.Гермес герман экономикасының Шығыс комитетін басқарады, ол Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның 29 елінде герман бизнесінің мүддесін білдіріп, Қазақстанмен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды қолдайды. Қазіргі уақытта Солтүстік Рейн-Вестфалия мен Қазақстандағы Алматы облысы арасындағы серіктестік туралы мәселе қарастырылуда.
О.Гермес мырзаның табысты және нәтижелі жұмысына сенім білдіре отырып, Д. Кәріпов Елшілік тарапынан жан-жақты көмек көрсетуге уәде берді. Қазақстанның Құрметті консулы О.Гермес өз сөзінде Бюроның ашылуы ҚР мен ГФР арасындағы ынтымақтастықтың жоғары динамикасының көрсеткіші болып табылатынын және елдер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өңірлік байланыстарды одан әрі кеңейтуге жол ашатынын атап өтті.
Іс-шараға Дортмунд қаласының мэрі Томас Вестфаль, «WILO SE» компаниясының басқарма мүшелері, ГФР-дағы ҚР Елшілігінің, жер министрліктерінің, мэрия мен Дортмундтың сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері қатысты.
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Ғылым • Кеше
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
Қазақстан • Кеше
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Қоғам • Кеше
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қазақстан • Кеше
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Жаңа Қазақстан» – арнайы жүлде
Саясат • Кеше
Гранд Сламнан бас жүлде бұйырмады
Спорт • Кеше
Құрылыс саласы қалай цифрланып жатыр?
Технология • Кеше
Құмар ойынға құныққандар елімізде 350 мыңнан асады
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Оқиға • Кеше
Аптап ыстық: Еліміздің тоғыз өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мәулен Әшімбаев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
Парламент • Кеше
Еңбек министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Кеше
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Кеше
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Кеше
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Кеше
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Кеше
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Кеше
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар