Polisia.kz
22 тамызда Жамбыл облысының жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ВАЗ-21015 маркалы автокөлік назарға іліккен. Оны тінту үшін «Черныш» атты қызметтік ит қолданылды. Нәтижесінде 49 және 35 жастағы екі жолаушыдан екі полиэтилен қапқа салынған, жалпы салмағы 12,5 келіден асатын «кептірілген марихуана» есірткі тәркіленді.
«Ұсталғандар кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі («Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.