Дубайда (БАӘ) бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтық біріншілік аясында жартылай финалдық бәсекелерде финалға шыққан спортшылар белгілі болды.
Жартылай финалда қарсыласына есе жіберген жас боксшылар Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.
Атап айтқанда, ұлдар арасында Қазақстан құрамасының спортшылары Арман Арманұлы (71 келі) мен Дәурен Мамыр (80 келі), ал қыздар арасында Гүлнұр Тұрапбай (50 келі) мен Анар Тұсынбек (66 келі) құрлықтық біріншіліктің қола жүлдегерлері атанды.