Әлем • 26 Тамыз, 2021

Болгария төтенше жағдай режимін үш айға ұзартты

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгарияның Денсаулық сақтау министрі Стойчо Кацаров төтенше эпидемиологиялық жағдай қараша айының соңына дейін ұзартылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Болгария төтенше жағдай режимін үш айға ұзартты

Фото: REUTERS/Francois Lenoir

«Еліміз коронавирустың жаңа толқынының алдында тұр. Вирус жұқтырғандар мен ауруханаға түскен науқастардың саны көбейді. Бұл үш ай аймақта эпидемиологиялық шараларды енгізуге және шекарадағы бақылауды реттеуге мүмкіндік береді», деді Кацаров бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында.

Қазіргі уақытта Болгарияда 445 мыңнан астам адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Қайтыс болғандардың саны 18,5 мыңнан асты.

Балқан республикасындағы вакцинация көрсеткіші Еуропа Одағы елдері арасында ең төмен болып қала береді.