Аймақтар • 26 Тамыз, 2021

Алматы облысында шағын автобус өртеніп кетті

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы Алматы-Қапшағай тас жолында микроавтобус жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында шағын автобус өртеніп кетті

Әлеуметтік желілерде Алматы-Қапшағай тас жолының бойында жанып жатқан автокөліктің видеосы пайда болды.

Алматы облысының ТЖД 25 тамызда сағат 12.25-те Қапшағай қаласындағы Алматы-Өскемен тас жолының бұрынғы ЖПҚ бекетінің жанындағы учаскесінде жанып жатқан шағын автобус туралы хабарлама келіп түскенін растады.

ТЖД Toyota Hiace машинасының өртену себебі автокөлік қозғалтқышының бөлігіндегі техникалық ақаулық болуы мүмкін екенін айтты.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 12.45-те төрт қызметкер мен бір техниканың күшімен өртті сөндірді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Ағайынды алғырлар

Қоғам • Бүгін, 08:55

Абылай заманынан қалған көрік

Жәдігер • Бүгін, 08:50

Күй күмбірлеген кеш

Өнер • Бүгін, 08:45

Зиялылық заңғары

Тарих • Бүгін, 08:15

Еламанның есті жырлары

Руханият • Бүгін, 08:02