Елорда • 26 Тамыз, 2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған фотобайқау жарияланды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың Достық үйі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған фотобайқау жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған фотобайқау жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, фотобайқау Instagram әлеуметтік желісінде өтеді.

Сайысқа қатысу шарттары төмендегідей:

- авторлық сурет жариялау.

-  #30letmiraisoglasiya #30letdrujby #ANK #MiridrujbaANK хэштэгтерін қою.

- @assembly_nur_sultan парақшасын белгілеу.

Үздік жұмыстар @assembly_nur_sultan парақшасына жүктеледі және ең көп лайк жинаған фотосуреттер жүлделі орындарға ие болады.

Байқаудың қорытындысы 28 тамыз күні жарияланады.

Айта кетейік, жалған немесе жабық аккаунттар байқауға қатыса алмайды.

Соңғы жаңалықтар