Әлем • 26 Тамыз, 2021

Кабул әуежайында жарылыс болды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көптеген адам жарақат алды, деп жазады Egemen.kz.

Кабул әуежайында жарылыс болды

Жарылыс туралы The Wall Street Journal хабарлауынша,  жарылысы Кабулдағы британдықтар орналасқан «Барон» қонақ үйінде болған. Көптеген адам жарақат алды.

Твиттердегі жеке парақшасында ауғандық журналист Билал Сарвари жарылыстың әуежайдың шығыс қақпасынан тыс жерде болғанын атап өтті. Ол сондай-ақ куәгерлердің айтуынша, оқиға болған жерде атыс дыбыстары естілгенін жазған.

Бұл уақытта Пентагон Кабул әуежайында жарылыс болғанын растады.

Fox News жазуынша, жарылысты АҚШ пен Ұлыбритания азаматтарымен қатар тұрған жанкешті жасады деген болжам бар.