Әлем • 26 Тамыз, 2021

Сепаратистер 150 бейбіт тұрғынды өлтірді

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эфиопияның батысында «Оромоны азат ету әскері» сепаратистік тобының содырлары кем дегенде 150 адамды өлтірді, деп жазады Egemen.kz.

Сепаратистер 150 бейбіт тұрғынды өлтірді

Фото: Global Look Press / Abdurrahman Warsameh / ZUMAPRESS.com

Бұл туралы Reuters агенттігі Эфиопияның адам құқығы жөніндегі комиссияға сілтеме жасап мәлім етті.

Комиссияның хабарлауынша, Оромо азат ету армиясы Гида Кирему ауданының тұрғындарына шабуыл жасаған.

Эфиопиядағы жанжал осыдан тоғыз ай бұрын Солтүстік Тиграй аймағында басталған. Үкімет этникалық және саяси зорлық-зомбылықтың басқа аймақтарға таралмауы үшін барын салып жатыр.

Oромо армиясы Африка мүйізіндегі ең үлкен этникалық топ - Оромо халқының құқықтары үшін күресетін топ.  Елде оған тыйым салынған.