Экономика • 26 Тамыз, 2021

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы ақшаға бақылау күшейтілді

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қарсы шаралар шеңберінде Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы ақша ағынына бақылау күшейтілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы ақшаға бақылау күшейтілді

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының қатысуымен терроризмді қаржыландыруға қарсы жұмыс тобының отырысы өтті.

«Биыл Қазақстаннан Ауғанстанға ақша ағыны 68%-ға төмендегені байқалады. Ақша аударымдарының негізгі бөлігі бірінші қажеттіліктегі тауарлар мен көлік қызметтерінің экспортына байланысты. Тәуекелдерді барынша азайту үшін Ауғанстаннан барлық ақша аударымдарына жоғары дәрежеде бақылау тағайындалды. Осы тұрғыда елдер арасында ақша аударымдарын жүзеге асыратын қаржылық мониторинг субъектілеріне мониторинг күшейтілді», деді Ж.Элиманов.

Қаржылық мониторинг агенттігінің талабы бойынша екінші деңгейлі банктер мен төлем мекемелері клиенттер мен бенефициарлық меншік иелері үшін тексеру шараларын күшейтті.