Футбол • 27 Тамыз, 2021

«Қайрат» футбол клубы Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты

606 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков «Қайрат» футбол клубын Конференция лигасының топтық кезеңіне шыққанымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.

«Қайрат» футбол клубы Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты

«Қайрат» футбол клубы Конференция лигасының топтық кезеңіне шығып, ел футболының абыройын асқақтатты. Клубтың бұл турнирде жолы болып, топтық кезеңнің өзінде де жақсы нәтиже көрсете алатын қауқары бар. Іріктеуден іркілмей өтіп, сайыстың негізгі бөлігіне шыққаны тек Алматылық жанкүйерлердің ғана емес, күллі қазақ жанкүйерлерінің қуанышы десек артық емес», деді Әділбек Жақсыбеков.

Айта кетейік, «Қайрат» өз алаңында «Фола» командасын жеңіп, топтық кезеңге жолдама алды.