Әлем • 27 Тамыз, 2021

Кабул әуежайындағы жарылыстан қаза тапқандар бар

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейсенбіде Кабулдағы Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежай аймағында күшті жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кабул әуежайындағы жарылыстан қаза тапқандар бар

«Анадолы» ақпараттық агенттігінің тілшісі Ауғанстан астанасынан хабарлағандай, жарылыс дыбысы әуе айлағы аймағынан әлдеқайда алыс жерде естілген. 

«Әл-Жазира» телеарнасы «Талибан» қозғалысының өкілдеріне сілтеме жасап, 13 адамның қаза тапқанын хабарлады. 

Кабулдағы жедел жәрдем ауруханасының өкілдері Twitter -де жарылыс аймағынан келген 60 адам ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. 

Жарылыс фактісін Пентагон өкілі Джон Кирби растады. 

Америкалық бұқаралық ақпарат құралдары Кабул әуежайы маңында болған жарылыстан 4 америкалық әскери қызметкер қаза тауып, үшеуі жараланғанын хабарлады.

Сондай-ақ Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі Кабул әуежайының сыртында екі жарылыс болғанын хабарлады. Түрік әскері арасында қаза тапқандар жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024