Экология • 27 Тамыз, 2021

Павлодарда Қызыл кітапқа енген сұңқылдақ аққу құтқарылды

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жергілікті орманшылар ашығып, әлсіреп қалған киелі құсқа көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда Қызыл кітапқа енген сұңқылдақ аққу құтқарылды

Қызыл кітапқа енген сұңқылдақ аққу Железин ауданынан табылған. Қазіргі таңда киелі құс  облыс орталығына жеткізілді. 

«Жан» ветеринарлық клиникасында аққуды мамандар жіті тексеріп, әрі қарай Павлодар ауылындағы жараланған аң-құстарды ұстайтын шағын зоопаркке орналастыруға шешім қабылдаған.