«27 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус вакцинасының I компонентін 6 25 279 адам салдырды, II компонентін 5 227 226 адам алды», делінген хабарламада.
Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 849 987 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 701 114 адам екінші компонентін салдырған.
Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 726 956 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 554 655 адам 2-компонентін егілген. Үшінші орында Алматы облысы –653 378 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 523 803 адам екінші бөлігін қабылдаған.