Оқиға • 27 Тамыз, 2021

Жарылыстан 4 әскери қызметші қаза тапты

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысындағы жарылыстан 4 әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарылыстан 4 әскери қызметші қаза тапты

«Ең алдымен осы апатта, өрт сөндіру барысында қаза тапқан 4 әскери қызметшінің жақын туыстарына көңіл айтамыз және жарақаттанған қызметшілерге тезірек сауығып кетулерін тілейміз», деді ҚР Қорғаныс министрі Жамбыл өңірлік көммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Айта кетейік, кеше сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.