Жағдай бойынша өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты өтті. ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бірнеше маман байланысқа шықпай отырғанын айтты.
«Әскери бөлімде бірнеше әскери қызметшіні және әскерилендірілген күзетті қоса алғанда 135 адам қызмет етеді. Олардың басым бөлігі келісімшарт бойынша әскери қызметшілер саналады. Шамамен 15 офицер бар. Ол жерде қатардағы жауынгерлер жоқ. Біз әзірше үш әскери қызметшімен байланыса алмай отырмыз. Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше маманы жоғалды», деді министр.