Үкімет • 27 Тамыз, 2021

ТЖМ Жарылыс бойынша жедел ақпарат жариялады

197 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2021 жылғы 26 тамызда 18 сағат 47 минутта Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы өрт сөндіру бөлімінің пультіне ҚР Қорғаныс министрлігі 28349 әскери бөлімінің қоймасында (Жамбыл облысы, Королевка кенті, Тараз қаласынан 30 шақырым) түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп жазады Egemen.kz  ҚР ТЖМ ресми сайтына сілтеме жасап.

ТЖМ Жарылыс бойынша жедел ақпарат жариялады

Өрт орнына Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары жоғарғы шақыру нөмірі бойынша 34 бірлік автотехника және 114 адам жіберілді, 15 жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылды, оның ішінде ТЖ аймағында 4 бірлік техника. Гарнизон жоғарғы шақыру рангы бойынша шықты.

Өрт қойма ғимаратын толық шарпыған. Фрагменттердің ұшу радиусы 2 км-ге дейін жетті, алдын-ала мәліметтер бойынша қоймада 500 тоннадан астам тротил сақталған.

Өрт нысанына жақын жерде 3 елді мекен орналасқан, Жібек жолы кенті 3 км (378 адам), Үшбұлақ станциясы – 8 км (216 адам), Ботамойнақ – 10 км (492 адам), халықтың жалпы саны шамамен 1 086 мың адам. Қазіргі уақытта 710 тұрғын Тараз қаласына эвакуацияланды. (Жамбыл политехникалық колледжі, Теміржол колледжі, Қазақ-түрік колледжі, Тараз сервис және технология колледжі, Қант-зауыт колледжі, №5, 6, 10, 44, 23, 9, 12, 8, 54 және 53 орта мектептері, оның 128-і эвакопунктерде, 582-сі туыстарында.

Алдын ала ақпарат бойынша ауруханаға 49 ТЖД қызметкерлері түскен.

Оқиға орнында Министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеуде. Сондай-ақ оқиға орнына Алматы қаласынан құрамында 6 бірлік техника мен жеке құрамның 22 адамы, Түркістан қаласынан АМО 1 бірлік техникасы, Шымкент қаласы ТЖД арнайы жасағының  8 бірлік техникасы мен жеке құрамның 33 адамы және ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері келді.

ҚР ТЖМ Қорғаныс министрлігінен ресми сұрау жолданса, өртті сөндіру үшін тікұшақтар ұсынуға дайын.

Алдағы уақытта ҚР ТЖМ күштері мен құралдары қалған өрт ошақтарын сөндіруге, сондай-ақ тұрғындарды тұрақты орналасу орнына қайтаруға және т/ж көлігі жолдары мен автомобиль жолдарын қалпына келтіруге тартылатын болады.

ҚР ТЖМ ДЖБО-да және өрт орнында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылды. Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істейді. Төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылды:

- ТЖМ - 153 қызметкер, 46 бірлік техника,

- ПД - 400 қызметкер, 54 бірлік техника,

- №28349 ә/б - 8 қызметкер, 2 бірлік техника,

- №5513 ә/б - 273 әскери қызметші, 12 бірлік техника,

- Ұлттық гвардия - 520 адам және 250 адам резервте.

Халыққа ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін Жамбыл облысының ТЖМ және ТЖД жедел желі ашылды ТЖМ телефондары – 33-32-89, 53-32-79, ТЖД– 8 (7262) 51-41-67, 51-37-75, +77788109109.

ТЖД ақпараттық сипаттағы 178 қоңырау келіп түсті.