Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға толық тыйым салу туралы шарт ұйымының басшысы Роберт Флойдты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы австралиялық маманды Ядролық сынақтарға толық тыйым салу туралы шарт ұйымының Дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы болып сайлануымен құттықтап, аталған ұйымның жұмысы Қазақстан үшін аса маңызды екенін атап өтті.
«Сіз осы саладағы тәжірибелі, ядролық қарусыздану мәселелері бойынша танымал сарапшысыз. Біз сіздермен тығыз жұмыс істеуге бейілдіміз. Қазақстан бұл ұйымның жақын әрі сенімді серіктесі болып қала береді. Менің Әкімшілігім мен Үкімет Ұйымның жұмысын күшейту мақсатымен тығыз әрі тұрақты байланысып тұрады», деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Флойдтың Қазақстанға сапары Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті. Осыдан 30 жыл бұрын Семей полигоны жабылған болатын. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары ретінде Женевадағы жұмысының тәжірибесімен бөліскен Мемлекет басшысы әлемдік қауымдастыққа ядролық қаруды таратпау және қарусыздану туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды деді.
Роберт Флойд Мемлекет басшысының көрсеткен құрметіне ризашылығын білдірді.
«Ұйымның дайындық комиссиясының хатшысы болып сайланғаннан кейін мен кездескен алғашқы Мемлекет басшысы – Қазақстанның Президенті болуының символдық мәні бар. Сондықтан бұл – мен үшін ерекше күн», деді дипломат.
Роберт Флойд Семей полигонының аумағы мен Курчатовтағы ҚР Ұлттық ядролық орталығынан алған әсерімен бөлісті. Сондай-ақ жұмысының басым бағыттары, соның ішінде жастар мен ұйымның көрнекті қайраткерлерінің жұмыстарын ілгерілету туралы айтты.
Кездесу соңында тараптардың Қазақстанның ядролық қаруға қарсы бастамаларын ілгерілету мен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт бойынша тығыз ынтымақтастыққа дайын екендері айтылды.
Қазақстанда медициналық пойыздар қайта іске қосылды
Медицина • Бүгін, 11:48
Атырауда жазғы лагерьге өтініштер Egov порталы арқылы қабылданады
Аймақтар • Бүгін, 11:39
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 11:35
Ресей банктерінің қазақстандық бөлімшелерінде 9,2 млрд теңге бұғатталған
Қоғам • Бүгін, 11:21
Әмір Маймұратов спорттық құзға өрмелеуден үздік ондыққа енді
Спорт • Бүгін, 11:14
Шымкентте ер адам көпірден секірмек болды
Аймақтар • Бүгін, 11:02
Түркістанда дәрілік шөп қазған 23 шетелдік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:52
Бельгияда маймылшешек ауруына байланысты карантин енгізілді
Әлем • Бүгін, 10:48
Қырғызстан мен Өзбекстанда қар жауды
Әлем • Бүгін, 10:30
Алимент төлемеген әке көлігінен айырылды
Оқиға • Бүгін, 10:17
«Рухани қазына – 2022» фестивалі аяқталды
Қазақстан • Бүгін, 10:14
Қазақстандық спортшы халықаралық турнирде күміс жүлде алды
Руханият • Бүгін, 10:00
Алматы облысында жауын салдарынан көшелерді су басты
Аймақтар • Бүгін, 09:53
Коронавирус жұқтырған 7 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:47
Арнайы комиссия Шымкенттегі жарылыстың шығынын есептеп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қаржы • Бүгін, 09:32
Еліміздің бірқатар облысында үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:18
Маймылшешек ауруы әлемнің 14 еліне тарады
Әлем • Бүгін, 09:06
Аймақтар • Бүгін, 08:42
Спорт • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Спорт • Бүгін, 08:34
Хоккей • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Аймақтар • Бүгін, 08:25
Басты мақсат – қоғам дертінен арылу
Экономика • Бүгін, 08:23
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімінің аяқталатындығы туралы
Қазақстан • Бүгін, 08:20
Пікір • Бүгін, 08:18
Пікір • Бүгін, 08:15
Пікір • Бүгін, 08:12
Шешілуі керек төрт түйткіл бар
Пікір • Бүгін, 08:10
Өңіраралық көшпелі кездесу өтті
Референдум-2022 • Бүгін, 08:05
Референдум-2022 • Бүгін, 08:02
Референдум ешкімнің өмірін айналып өтпейді
Референдум-2022 • Бүгін, 08:00
Жетісу жолдары қашан жақсарады?
Қоғам • Кеше
Маймылшешек ауруы тарала бастады
Әлем • Кеше
Өзен-көлдердегі бөгеттер жойылды
Әлем • Кеше
Жаһандық жылынудың салдары ауыр
Экология • Кеше
Қонаев қаласында өткен кездесулер
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар