Әлем • 27 Тамыз, 2021

Ресей коронавирусқа қарсы бесінші препарат шығарды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдегі «Вектор» орталығы коронавирус инфекциясына қарсы бесінші препарат - «ЭпиВакКоронна-Н» вакцинасын шығарды, деп жазады Egemen.kz.

Ресей коронавирусқа қарсы бесінші препарат шығарды

«Препараттың бұған дейін шығарылған «ЭпиВакКоронадан»  айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Вакциналар өзара тек өндіріс технологиясымен ғана ерекшеленеді», деді «Вектор» орталығының басшысы Ринат Максютов.

Ол вакцинаның жаңа нұсқасы ауқымды өндіріске  мүмкіндік беретінін мәлім етті.

Ресейде вирус жұқтырғандардың саны күн сайын артып келеді. Бір тәулік ішінде 18 883 адамнан вирус анықталды. Билік 1 қыркүйекке қарай кейбір аймақта шектеулерді жеңілдетуге ниетті.

Мәскеу мэрінің мәлімдеуінше, мектеп директораты рұқсат берсе, мұғалімдердің сабақта маска тақпауына болады. Алайда, сарапшылар Ресейдегі вакцинацияның қазіргі қарқыны күзге дейін ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға жеткіліксіз екенін айтады.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін – Ұлттық ұлан күні

Әскер • Бүгін, 10:43

Жасанды интеллект құрылысқа жат емес

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:55

Әскер беделі – ел беделі

Әскер • Бүгін, 09:45

Қайырымды азаматтардың демеуі

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Егінді «AgroSky» бақылайды

Технология • Бүгін, 09:35

Сингулярлық кезең

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

ЖИ-ді қолдану қауіпсіз бе?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:20

«Шыны мақтадан» табыс тапқан

Өндіріс • Бүгін, 09:15